1003

25 жастағы футболшы өмірден өтті: Түркия футбол федерациясы көңіл айтты

Толга Каллендердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты футбол федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

25 жастағы футболшы өмірден өтті: Түркия футбол федерациясы көңіл айтты
x.com/tff_org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның «Бандырмаспор» футбол клубында өнер көрсеткен 25 жастағы қорғаушы Толга Каллендер қайтыс болды. Жас футболшының қазасын Түркия футбол федерациясы хабарлады.

Түркия футбол федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Каллендердің қайтыс болғанын мәлімдеп, оның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ «Бандырмаспор» клубы мен бүкіл футбол қауымдастығына көңіл айтты.

Толга Каллендер кәсіби футболдағы жолын «Кувыи Миллиеспор» клубында бастаған. Кейін ол «Бейкоз Анадолу Спор», «Стамбул Башакшехир», «Адан Демирспор», «Байрампаша Спор» және «Диярбекир Спор» командаларында ойнаған.

Футбол федерациясының мәліметінше, марқұммен қоштасу рәсімі 23 қыркүйекте бесін намазынан кейін өтеді. Футболшы Адана қаласының Чукурова ауданындағы Кабасакал зиратына жерленеді.

Федерация өз мәлімдемесінде Толга Каллендердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, марқұмға рақым тілеген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор