Дастан Сәтпаев келесі маусымда басқа клубқа ауысуы мүмкін
Мексикалық футбол комментаторы 18 жастағы қазақстандық шабуылшының келесі маусымда басқа командаға ауысуы мүмкін екенін айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың келесі маусымда қай клубта өнер көрсетуі мүмкін екені талқылана бастады. Мексикалық футбол комментаторы Карлос Рейносо жас футболшының болашағына қатысты пікір білдірді.
Рейносо әлеуметтік желідегі жазбасында Сәтпаевтың жасы 18-де болғанына қарамастан, болашағы зор футболшы екенін атап өтті. Оның пікірінше, қазақстандық шабуылшы келесі маусымда басқа клубқа ауысуы мүмкін.
«18 жасында Дастан Сәтпаевтың болашағы өте зор. Ол «Челсиден» «Бёрнлиге» жалға берілді. Сондықтан келесі маусымда оның басқа клубқа ауысатынына таңғалмас едім. Сіз оны қай командадан көргіңіз келеді? «Сандерленд», «Ковентри», «Страсбур» немесе «Челсиде» қалғанын қалайсыз ба?» – деп жазды мексикалық комментатор.
Қазір Сәтпаев «Челсиге» тиесілі ойыншы ретінде «Бёрнли» сапында жалға ойнап жүр. Оның жалдау мерзімі 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.
Қазақстандық футболшы 2026 жылдың жазында алматылық «Қайраттан» лондондық «Челсиге» ауысып, ағылшын клубымен жеті жылдық келісімшартқа қол қойған. Одан кейін тұрақты ойын тәжірибесін жинақтау үшін Англия чемпионатының Чемпионшип дивизионында өнер көрсететін «Бёрнлиге» жалға жіберілді.
Сәтпаев жаңа командасымен Англияның екінші деңгейлі чемпионатында және Лига кубогында алаңға шығып, дебют жасап үлгерді.
Материал авторы