Алматылық оқушы АҚШ-та өткен математика байқауынан жүлделі оралды

21.05.2023, 15:24
556
Алматылық оқушы АҚШ-та өткен математика байқауынан жүлделі оралды nis.edu.kz

Алматылық оқушы Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауының бірі – International Science and Engineering Fair-дан жүлделі екінші орынмен оралды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ол «Математика» секциясы бойынша «L-тромино-плиткалары» жобасын ұсынды, сондай-ақ 1000 доллар көлемінде сыйақы еншіледі.

«Бір жыл бұрын олимпиадада L-тромино фигурасының көмегімен плиткаларды жанастыру бойынша тапсырма орындадым. Осы тақырыпқа қызығушылық туындап, оны жоба ретінде жасауды қолға алдым. Әлі дәлелденбеген теоремалар бар, соны шешу арқылы келесі жылы да ISEF-ке қатысу жоспарда тұр», – дейді жас математик.

Сонымен қатар байқауға Көкшетаудағы Зияткерлік мектептің оқушысы Асылхан Қали де қатысып, «Aq Zhol» жобасын таныстырды. Бұл –жүргізушінің халі мен мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік беретін бейнетіркегіш және жол-көлік оқиғаларынының санын азайтуға бағытталған.

«Қазақстанның туын әлемдік аренда көтеріп, еліміздің атынан өнер көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Болашақта одан да жақсы нәтижеге жетуде бар күш-жігерімізді саламыз», – деп Асылхан өз әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, International Science and Engineering Fair – 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған STEM жобалардың дүниежүзілік байқауы. Халықаралық шара жыл сайын өтеді және әлемнің 100 елінен келген 2000 оқушының арасынан үздіктерді анықтайды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды