2718

Каспийде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы ұлының елге оралуына тойға қамдаған

Азамат Мәдіханның әскерден оралуына небәрі жеті-сегіз күн қалған кезде отбасы 3 қазанға той өткізуді жоспарлаған.

Каспийде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы ұлының елге оралуына тойға қамдаған
threads.com/@kazyyynna

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан Азамат Мәдіханның ата-анасы ұлының әскерден аман-есен оралуын күтіп, оны қарсы алуға дайындалып жүрген. Отбасы сарбаздың үйге келуіне орай 3 қазанға той өткізуді жоспарлаған.

Әлеуметтік желіде осы мерекеге арналған шақыру тараған. Азаматты ата-анасынан бөлек әжесі, атасы және басқа да туыстары асыға күткен. Сарбаздың үйге оралуына небәрі жеті-сегіз күн қалған.

Алайда отбасының жоспары қайғылы оқиғамен үзілді.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер теңізге ағып кеткен. Кейін олардың 14-і қаза тапқаны белгілі болды.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

25 қыркүйек Қазақстанда Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін Каспийдегі оқиғадан аман қалған әскери қызметші Ақжол Теміралыевтің ауруханада жатқан видеосы тараған болатын. Оның жағдайы жақсарып, қазіргі уақытта терапия бөлімінде ем қабылдап жатқаны хабарланды.

Материал авторы