Ақтаудағы мәйітхана маңында жол жабылды: қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары жиналды
Бүгін іздеу жұмыстары кезінде табылған екі әскери қызметшінің денесі Ақтаудағы қалалық мәйітханаға жеткізілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы қалалық мәйітхана маңына қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары жиналды. Бүгін іздеу операциясы кезінде Каспий теңізінен табылған екі әскери қызметшінің денесі осы жерге жеткізілген. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Басылым тілшісі екі әскери қызметшінің денесін қалалық мәйітханаға жеткізу сәтіне куә болған.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы кезекшілікке қойылған. Қаза тапқан екі әскери қызметшінің денесі туыстарына тапсырылған. Алайда олардың нақты кім екені ресми түрде жарияланбады.
Мәйітхана маңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов та болған.
Қауіпсіздік шараларына байланысты мәйітхана аумағына апаратын жол жабылды. Ал оқиға орнындағы билік өкілдері әзірге журналистерге ресми түсініктеме берген жоқ.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, әскери қызметшілер теңізге ағып кеткен. Қаза тапқандардың денесін іздеу жұмыстары жүргізілді. 25 қыркүйекте іздеу операциясы барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылғаны хабарланды.
Қазақстанда Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Материал авторы