2083

«Жүрегім әлі қабылдай алмай жүр»: Танымал тележүргізуші ауыр қазадан кейінгі сезімін бөлісті

Тележүргізуші ата-анасының қазасын ақылымен түсінгенімен, жүрегі әлі қабылдай алмай жүргенін айтты.

«Жүрегім әлі қабылдай алмай жүр»: Танымал тележүргізуші ауыр қазадан кейінгі сезімін бөлісті
instagram.com/ann_2905

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тележүргізуші Анна Данченко марқұм ата-анасын қатты сағынатынын айтып, әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады.

  1.  

Тележүргізушінің анасы жақында дүниеден өткен. Ал әкесі 2022 жылы қайтыс болған. Анна Данченко ата-анасының қазасын ақылымен түсінгенімен, жүрегі әлі де бұл жағдайды қабылдай алмай жүргенін айтты.

Ол бірнеше күн бұрын түсінде ата-анасын көргенін жазды. Түсінде анасы заттарын жинап, Аралдағы үйге баруға дайындалып жүрген екен. Тележүргізуші анасының өз аяғымен жүріп, көңіл күйінің жақсы болғанына таңғалған.

«Мам, қайда барасыз? Қандай үй? Сіз менімен тұрасыз ғой?» деп сұраған Аннаға анасы Аралдағы үйге баратынын айтқан.

Осы кезде жанында әкесі де тұрған. Тележүргізушінің айтуынша, әкесі түсінде жылы жүзбен жымиып қарап тұрған.

Анна анасының арғы жақта кімге қалатынына алаңдап, оған кім қарайтынын, сүйікті тамағын кім әзірлейтінін, қалай жалғыз қалатынын қайта-қайта сұраған. Сонда әкесі:

«Қызым, мамаңды жібере сал. Уайымдама, мен бармын ғой», – деген.

Алайда Анна анасының кетуіне келісе алмай, не істерін білмей тұрып қалған.

Тележүргізуші бұған дейін де әкесін түсінде көргенін еске алды. Оның айтуынша, сол түсінде әкесі Аралдағы қара шаңырақтың алдында тұрған. Анна оған «Папа, қара шаңырақ бос қалды ғой» дегенде, әкесі «Қызым, мен бармын ғой. Үйге қарап қоямын» деп жауап берген.

«Енді, міне, екеуін түсімде қайтадан бірге көрдім», – деп жазды ол.

Анна Данченко түсінен түн ортасында жылап оянғанын айтты. Анасының «Мені жібер, қызым» деген сөзі жүрегіне қатты батқан.

«Әрине, бәрін түсініп тұрмын. Бірақ жүрегім әлі де анамды жібергісі келмейді», – деді тележүргізуші.

Ол отбасындағы кенже бала екенін және ата-анасына өте жақын болғанын атап өтті. Айтуынша, өмірінің соңғы он жылын әке-шешесін емдетуге, күтуге және олардың көңілін аулап, қуантуға арнаған.

«Олардың амандығы мен үшін бәрінен маңызды еді. Қасымда болса екен, еш жері ауырмаса екен, ештеңеден тарықпаса екен деп тіледім», – деп жазды Анна.

Тележүргізуші енді ата-анасына жасаған қамқорлығын сағынатынын айтты. Анасынан халін сұрап, дәрісін беріп, тамағын дайындап, жанында жүрген күндерін еске алған.

«Адам кейде жақынын ғана емес, сол жанның жанында жүрген өз өмірін де сағынады екен», – деді ол.

Анна Данченко ата-анасының қасында еркелеп жүрген күндерін де сағынатынын жазды. Бәрінің бір сәтте өткен шаққа айналғанына әлі де сене алмай жүргенін айтты.

«Өмірдің заңы екенін ақылым түсінеді. Бірақ жүрегім қабылдай алмай жүр… Мама, Папа…» – деп жазды тележүргізуші.

Ол жыламауға тырысатынын, ал ата-анасын сағынған кезде олардың бірге өткізген бақытты күндерін еске алуға тырысатынын айтты.

Жазбаның соңында Анна Данченко ата-анасының жандары жәннатта болсын деп тілек білдірді.

Тележүргізушінің оқырмандары оған қолдау білдіріп, көңіл айтты. Желі қолданушылары оның ата-анасына жақсы қыз болғанын айтып, мұндай ауыр қазаны еңсеруге уақыт керегін жазды. Кейбірі марқұм ерлі-зайыптылардың қайта қауышқанын айтып, Аннаға сабыр тіледі.

Ол жыламауға тырысатынын, ал ата-анасын сағынған кезде олардың бірге өткізген бақытты күндерін еске алуға тырысатынын айтты.

Жазбаның соңында Анна Данченко ата-анасының жандары жәннатта болсын деп тілек білдірді.

Тележүргізушінің оқырмандары оған қолдау білдіріп, көңіл айтты. Желі қолданушылары оның ата-анасына жақсы қыз болғанын айтып, мұндай ауыр қазаны еңсеруге уақыт керегін жазды. Кейбірі марқұм ерлі-зайыптылардың қайта қауышқанын айтып, Аннаға сабыр тіледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор