HUAWEI Қазақстанда жаңа ақылды сағаттарын таныстырды

HUAWEI WATCH GT 7 күнделікті белсенділіктен бастап жүгіру, жүзу және outdoor-спорт түрлеріне дейін түрлі сценарийге арналған.

HUAWEI Қазақстанда жаңа ақылды сағаттарын таныстырды
HUAWEI

HUAWEI компаниясы Қазақстан нарығына HUAWEI WATCH GT 7 сериясының жаңа буындағы ақылды сағаттарын ұсынды. Жаңа құрылғыларжұмыс пен белсенділік, спорт пен демалыс, қаладағы күнделікті тіршілікпен саяхат бір-бірін алмастырып отыратын заманауи өмір ырғағынабейімделген. Сағаттар денсаулық пен белсенділікті бақылау мүмкіндіктерін, спорттық функцияларды, ұзақ уақыт жұмыс істейтін аккумуляторды жәнекүнделікті қолдануға лайықты дизайнды бір құрылғыда үйлестіреді.

Заманауи ақылды сағаттар смартфонның білектегі жай ғана аксессуары болудан әлдеқашан қалды. Бүгінде пайдаланушылар олардан әлдеқайда көпмүмкіндікті күтеді: дене белсенділігі мен қалпына келу барысын бақылау, ағзаның жай-күйі туралы пайдалы ақпарат алу, жаттығу кезінде қолдану және құрылғыны қайта-қайта қуаттауды ойламау. HUAWEI WATCH GT 7 осы мүмкіндіктердің барлығын бір құрылғыға біріктіріп, оны қаладағы жұмыс күнінен бастап белсенді демалысқа дейін түрлі жағдайда пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаттығумен ғана шектелмейді

Спорт HUAWEI WATCH GT 7 қолданудың негізгі бағыттарының бірі болғанымен, серияның мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді. Сағаттар күн бойы дене белсенділігін, жүрек соғу жиілігін, ұйқыны және басқа да көрсеткіштерді бақылауға көмектеседі. Ал жаттығу кезінде спортқа арналған арнайы функциялар іске қосылады.

Пайдаланушыларға жүгіру мен жүзуден бастап түрлі outdoor-белсенділіктерге дейін әртүрлі спорт режимдері қолжетімді. Навигациялықмүмкіндіктер сағаттарды белсенді демалыс кезінде пайдалануға мүмкіндікбереді, ал жүгірушілер мен велоспорт әуесқойлары маршруттармен жұмысістеп, жаттығудың негізгі көрсеткіштерін бақылай алады.

Осылайша, HUAWEI WATCH GT 7 пайдаланушыны күні бойысүйемелдейді: таңертең ұйқыдан кейінгі қалпына келу деңгейін бағалауға, күн ішінде белсенділікті сақтауға, ал жаттығу кезінде нәтижелерді тіркеуге көмектеседі.

Жұмыс ырғағында да белсенді болуға мүмкіндік береді

Қазіргі жұмыс күні көбіне компьютер алдында, кездесулерде немесе жолдаөтеді. Сондықтан HUAWEI WATCH GT 7 құрылғыларында күн ішіндеорындауға болатын қысқа жаттығулар кешені қарастырылған.

Бұл толыққанды жаттығудың орнын басу үшін емес, күнделікті кестегекөбірек қозғалыс қосуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл серияның негізгіидеяларының бірін көрсетеді: дене белсенділігі тек жаттығудан тұрмайды. Күн бойындағы шағын қозғалыстар мен үзілістер де маңызды.

Технология өз ағзаңызды жақсырақ түсінуге көмектеседі

HUAWEI WATCH GT 7 сериясының тағы бір маңызды бағыты - денсаулық көрсеткіштері мен ағзаның жалпы жағдайын бақылау. Сағаттар жүрек соғу жиілігін, ұйқыны, дене белсенділігін және басқа да көрсеткіштерді бақылауға көмектесіп, пайдаланушыға өзінің күнделікті режимін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Ұйқы мен қалпына келу үдерісіне ерекше көңіл бөлінген. Түнде сағаттар демалыс туралы деректерді жинайды, кейін ұйқының ұзақтығы мен сапасын бағалауға және қалыптасқан режимдегі өзгерістерді байқауға көмектеседі.

Бұл деректер ең алдымен күнделікті өзін-өзі бақылауға және өз режиміне саналы түрде қарауға арналған. Олар дене белсенділігіндегі, ұйқыдағы және қалпына келу барысындағы өзгерістерге назар аударып, алынған ақпаратты күнделікті өмірде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Кеңседен тау шыңына дейін

Флагмандық HUAWEI WATCH GT 7 Pro спорт пен белсенді демалысқа арналған кеңейтілген мүмкіндіктерді бағалайтын пайдаланушылар үшін әзірленген.

Модель титан қорытпасынан жасалған корпуспен, сапфирлі шынымен және жарқын AMOLED дисплейімен жабдықталған. Материалдар мен технологиялардың үйлесімі сағаттарды күнделікті өмірде де, outdoor-белсенділіктер кезінде де пайдалануға мүмкіндік береді.

HUAWEI WATCH GT 7 Pro әртүрлі спорттық және outdoor-сценарийлерді қолдайды. Олардың қатарында ойлы-қырлы жерлерде жүгіру, веложаттығулар, су спорты және фридайвинг бар. Модель тереңдік сенсорымен жабдықталған және өндіруші мәлімдеген суға төзімділік сипаттамаларына сәйкес пайдалануға арналған.

Сондықтан сағаттар қаладағы күнделікті өмірге ғана емес, қала сыртындағы сапарларға, жорықтарға және белсенді демалысқа да сай келеді.

Күнделікті өмірге лайық ұзақ күш қуаты

HUAWEI WATCH GT сериясының басты ерекшеліктерінің бірі - ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік беретін автономдылығы. HUAWEI WATCH GT 7 және HUAWEI WATCH GT 7 Pro жиі қуаттауды қажет етпей ұзақ уақыт пайдалануға арналған. Нақты жұмыс уақыты модельге және пайдалану сценарийіне байланысты болады.

Бұл әсіресе көп саяхаттайтын немесе уақытын үйден тыс өткізетін адамдар үшін маңызды. Смартфон, ноутбук, құлаққап және басқа құрылғыларды қатар қуаттауға тура келетін кезде сағатты зарядтау құрылғысына сирек қосу мүмкіндігі күнделікті қолайлылықтың маңызды бөлігіне айналады.

Екі өлшем біртұтас тұжырымдама

HUAWEI WATCH GT 7 сериясы әртүрлі өлшемде ұсынылады. Бұл пайдаланушыға өз талғамы мен білегіне ыңғайлы өлшемді таңдауғамүмкіндік береді.

Флагмандық HUAWEI WATCH GT 7 Pro премиум материалдар мен спортқа және outdoor-белсенділіктерге арналған кеңейтілген мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар екі модельді ортақ тұжырымдама біріктіреді: ақылды сағаттар күнделікті өмірге табиғи түрде үйлесіп, технологиялық мүмкіндіктерді стильді аксессуармен ұштастыруы тиіс.

HUAWEI WATCH GT 7 Қазақстанда сатылымға шықты

HUAWEI WATCH GT 7 сериясының жаңа буыны Қазақстанда сатылымға шықты. Серия Huawei Official Store дүкенінде Kaspi платформасында және брендтің ресми серіктестерінде қолжетімді.

HUAWEI WATCH GT 7 күні бір ғана сценариймен шектелмейтін адамдарға арналған: жұмыс жаттығуға, қала саяхатқа, ал белсенді күн толыққанды демалысқа ұласады. Сағаттар осы сценарийлердің барлығын бір құрылғыға біріктіріп, күні бойы пайдаланушыға серік болуға мүмкіндік береді.

Материал авторы