1788

Қазақстанның 10 өңірінде қылмыстық топқа қарсы операция жүргізіліп, 29 адам ұсталды

Арнайы операция барысында ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстанның 10 өңірінде қылмыстық топқа қарсы операция жүргізіліп, 29 адам ұсталды
ҰҚК

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның он өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операция барысында 29 адам ұсталды.

Операцияны Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүргізген.

Құқық қорғау органдары шекара маңындағы аудандардағы ықтимал қылмыстық схемаларды, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі нысандарына қатысты заң бұзушылықтарды тексерген.

Нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 29 адам ұсталып, тиісті органдарға жеткізілді. Олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Арнайы операция кезінде заңсыз айналымнан 25 дана қару, екі граната және 236 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында ұсталғандардың нақты қандай қылмыстарға қатысы бар екені және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметі туралы қосымша мәліметтер анықталмақ.

Материал авторы