1478

Астанада Қайрат Нұртас концерті өтетін күні көлік қозғалысы шектеледі

27 қыркүйекте «Астана Аренада» өтетін концертке байланысты стадион маңындағы екі көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Астанада Қайрат Нұртас концерті өтетін күні көлік қозғалысы шектеледі
instagram.com/kair_n

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Қайрат Нұртас концертіне байланысты «Астана Арена» стадионы маңындағы екі көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігі жазды.

Шектеу 27 қыркүйекте енгізіледі. Қайрат Нұртас концерті сағат 19:00-де басталады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, стадион маңында көлік қозғалысы мына бағыттарда уақытша шектеледі:

  • «Алау» мұз сарайы жағынан Марко Поло көшесінде;

  • «Сарыарқа» велотрегі жағынан Месроп Маштоц көшесінде.

Мұндай шара концертке көп көрермен жиналатындықтан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік қозғалысын реттеу мақсатында қабылданған.

Жолдарға түсетін жүктемені азайту үшін сағат 16:00-ден бастап арнайы шаттл автобустары қатынайды. Тұрғындар көліктерін қаладағы төрт тұрақтың біріне қалдырып, әрі қарай стадионға қоғамдық көлікпен жете алады.

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлап, «Астана Аренаға» жеке көлікпен барудан бас тартуға кеңес берді. Сондай-ақ концерт өтетін аумақта кептеліс болуы мүмкін екенін ескеруге шақырды.

Материал авторы