1742

«Біз үшін өліп па?»: Қаралы күнге қатысты сөзі үшін Шымкент тұрғыны қамауға алынды

21 жастағы Шымкент тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қаралы күнге қатысты сөз айтып, сот шешімімен қамауға алынды.

«Біз үшін өліп па?»: Қаралы күнге қатысты сөзі үшін Шымкент тұрғыны қамауға алынды
t.me/POLICE_of_KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok-тағы тікелей эфир кезінде Қазақстандағы жалпыұлттық аза тұту күніне қатысты сөз айтқан Шымкент тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің «Новости МВД РК» Telegram-арнасы жазды.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфирді анықтаған. Трансляция кезінде 21 жастағы Шымкент тұрғыны көрермендердің бірі қойған аза тұту күніне қатысты сұраққа жауап берген.

ІІМ мәліметінше, эфир барысында жас жігіттің қоғамға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп талаптарын бұзатын сипаттағы сөздер айтқаны анықталған. Тікелей эфирге бұдан бөлек 22 жастағы тағы екі азамат қатысқан.

Сот шешімімен 21 жастағы азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Ал эфирге қатысқан үш азаматтың барлығына қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу жөнінде ресми ескерту жасалды.

Сонымен қатар үшеуі де бір ай мерзімге ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылған.

Еске салайық, 25 қыркүйекте Қазақстанда Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор