Астананың қақ ортасында ер адам қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған
Мәңгілік ел даңғылында жолдан өтіп бара жатқан қызды Jetour T2 көлігі қағып, жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың орталығында Jetour T2 жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні күндіз Мәнгілік ел даңғылы, 21 мекенжайы маңында болған.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қыздың жол қиылысынан өтіп бара жатқаны көрінеді. Осы сәтте арт жағынан жол талғамайтын көлік келіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қыз тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қала жаздаған.
Оқиғадан кейін көлік жүргізушісі тоқтамай, оқиға орнынан кетіп қалған.
Астана полициясы Jetour T2 көлігінің жүргізушісі анықталғанын хабарлады. Автомобиль коммуналдық тұраққа қойылған.
«Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара қабылданады», – деді полиция.
Материал авторы