858

ШҚО-да көліктен телефон ұрлаған күдікті саусақ ізі арқылы ұсталды

Volkswagen Vento көлігінің есігін ашық қалдырған жүргізуші 120 мың теңге көлемінде шығынға ұшыраған.

ШҚО-да көліктен телефон ұрлаған күдікті саусақ ізі арқылы ұсталды
Stock Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында құлыпталмаған көліктен екі телефон ұрлаған күдікті саусақ ізі арқылы анықталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Volkswagen Vento көлігінің маңында болған. Көлік үйдің жанында тұрған, ал иесі есіктерін құлыптамай кеткен. Осыны пайдаланған белгісіз адам салоннан екі ұялы телефонды алып кеткен.

Ұрлық салдарынан көлік иесіне 120 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Оқиға орнын тексеру кезінде мамандар көлік ішінен саусақ іздерін тапқан. Олар «Папилон» дактилоскопиялық базасы арқылы тексерілген.

Нәтижесінде іздердің 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталған. Полиция күдіктіні ұстап, тергеу барысында ол ұрлық жасағанын мойындаған.

Ер адам ұрланған телефондарды да полицияға тапсырды. Тәркіленген құрылғылар заңды иесіне қайтарылды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор