1743

Қайрат Нұртастың концертте жұбайын сүйген сәті желіде қызу талқыланды

Қайрат Нұртастың өнер кешінен тараған видеода әншінің Жұлдызды сүйгені және жұбайының концерт бойы жанынан табылғаны көрінеді.

Қайрат Нұртастың концертте жұбайын сүйген сәті желіде қызу талқыланды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қайрат Нұртастың Астанадағы концертінде жұбайы Жұлдызды сүйген сәті әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Әнші елордада шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған концерт өткізген. Өнер кешінен түсірілген видеоларды оның інісі Заңғар Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Жазбалардың бірінде Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдызды сүйген сәті түсіп қалған.

«Рақмет, Астана!» – деп жазды Заңғар Нұртас жарияланымға.

Желі қолданушылары видеодағы бұл көрініске жылы пікір білдірді. Кейбірі Жұлдыздың концерт кезінде жолдасын қолдап, жанынан табылғанын атап өткен. Кадрларда оның әншінің терін сүртіп тұрғаны да байқалады.

«Ең үлкен қолдау – отбасының қолдауы», – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.

Концерттен тараған видеолардың ішінде әншінің өнер көрсету барысындағы өзге де сәттері бар. Алайда жұбайымен арадағы осы көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын аударған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор