Қазақстанда инновациялық жобаларды дамыту мақсатында Astana Venture Club құрылды

22.05.2023, 11:51
954
Қазақстанда инновациялық жобаларды дамыту мақсатында Astana Venture Club құрылды astanahub.com

Астанада Astana Venture Club – болашағы зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құйып, қолдау көрсетуге мүдделі бизнес-періштелер қауымдастығының ресми ашылуы өтті.

Клубтың миссиясы – Astana Hub базасында венчурлық инвестиция мәдениетін және экожүйені дамыту.

«Astana Venture Club қаржылық әлеуетін арттырғысы келетін қазақстандық кәсіпкерлерді баламалы инвестициялық мүмкіндіктермен таныстыру мақсатында құрылған. Біз қазақстандық бизнес-періштелерді біздің серпінді қауымдастықтың бір бөлігі болуға шақырамыз. Бұл Қазақстандағы және шетелдік перспективалы жобаларға инвестиция салу арқылы инвестициялық портфелін кеңейтуге ұмтылатындар үшін тамаша мүмкіндік. Біздің платформамызда іскер періштелер өздерінің инвестицияларын барынша ұлғайту үшін ең жақсы инвестициялық стратегиялар мен тәсілдерді үйреніп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігіне ие болады», - дейді Astana Venture Club негізін қалаушы және жетекшісі Нұрасыл Жарбасов.

Іс-шараға инвесторлар, бизнес-қауымдастықтардың жетекшілері, венчурлық және инвестиция саласының мамандары, меценаттар мен Қазақстанның IT-қауымдастығы өкілдері қатысты. Қарқыны және кірісі жоғары перспективалы стартаптарды анықтау және инвестициялау мақсатында құрылған бұл клуб инвесторлар, кеңесшілер, сарапшылар мен тәлімгерлер үшін өзара көмек пен қолдау ортасын құруға ұмтылады.

«Тамаша идеяларды жүзеге асыру үшін жобаның потенциалын бағамдай алатын  бизнес-періште қажет. Сондықтан венчурлық экожүйе үшін стартаптар мен корпорациялар ғана емес, инвесторлар да аса маңызды. Бұл басты мәселелердің бірі, өйткені онсыз ешқандай даму, нарықты жаңғырта алатын жаңа шешімдер, инновациялар мен компаниялар да болмайды. Сондықтан инвесторлар клубын құру - елдің венчурлық экожүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам», - деді INVESTORO халықаралық инвесторлар ұйымының президенті Виталий Полехин.

Astana Venture Club қызметі әлеуетті инвесторлардан бизнес-періштелер пулын құруға, халықаралық деңгейде бизнестің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге, желіні дамытуға, компаниялардың портфолиосын қолдауға, тәжірибе алмасуға, ауыртпалықтарды бірге көтеруге, инвестициялық табысты арттыруға бағытталған.

«Венчурлық капитал нарығын дамытуға бағытталған Astana Venture Club  мақсаттары Astana Hub міндеттерімен сәйкес келеді. Сондықтан біздің технопарк бизнес-періштелерге венчурлық инвестиция әлеміне ену мүмкіндігін беретін және инновациялық шешімдерін енгізуде дарынды IT-кәсіпкерлерге қолдау көрсететін қоғамдастық құру бастамасын толығымен қолдайды», - деді Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Абай Әбсамет.

Айта кетсек, жуырда бизнес-періштелер мектебінің бірінші итерациясы тегін өтеді. Сондай-ақ клуб аясында тұрақты түрде әртүрлі іс-шаралар, соның ішінде мықты сарапшылардың қатысуымен стартаптардың питчингі ұйымдастырылады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды