631

Маңғыстауда балықтан уланған отбасы 2 аптадан бері жансақтау бөлімінде жатыр

Мұнайлы ауданында балық жеген бір отбасының төрт мүшесі ботулизмге тән белгілермен ауруханаға түсіп, әлі де дәрігерлер бақылауында жатыр.

Маңғыстауда балықтан уланған отбасы 2 аптадан бері жансақтау бөлімінде жатыр
Astana TV

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында балықтан уланған төрт адам екі аптаға жуық уақыттан бері жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Олардың арасында үш ересек адам және 9 жастағы бала бар. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазір дәрігерлердің бақылауында үш ер адам мен 9 жастағы бала бар. Төртеуі де жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Оқиға 17 қыркүйекте болған. Сол күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін бір отбасының төрт туысы Мұнайлы ауданындағы отбасылық дастархан кезінде балық жеген.

Келесі күні кешке олардың бойынан ботулизмге тән алғашқы белгілер байқалған. 19 қыркүйекте науқастар Мұнайлы аудандық ауруханасына медициналық көмекке жүгінген. Кейін барлығы облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Балықтан уланған отбасы мүшелерінің арасында медициналық көмекке кейінірек жүгінген 5 жастағы бала да болған. Ол емін толық аяқтап, ауруханадан үйіне шығарылды.

Бұған дейін балықтан уланғаннан кейін Ақтауда ауруханаға түскен 9 жастағы баланың туыстары да көмек сұрағаны хабарланған еді. Баланың жағдайы ауыр болған.

Материал авторы