Қонаевта шетелдік әйел ерлер топ боп зорлады деп арызданды
28 жастағы шетелдік әйел екі ер адамды топ болып зорлады деп айыптап, полицияға жүгінген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қонаевта 28 жастағы шетелдік әйелдің топтық зорлық жасалғаны туралы арызынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Әйел оқиғаға екі ер адамның қатысы барын айтып, олардың арасында жергілікті полиция қызметкерлері болуы мүмкін екенін де мәлімдеген.
Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін ол полицияға жүгінген. Алайда арыз жазу кезінде өзін диктовкаға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Кейін оның айтуынша, пәтерінің маңында полиция қызметкерлері байқала бастаған. Сондай-ақ ықтимал заттай дәлелдерді алу үшін терезедегі тор алынып тасталған.
Шетелдік әйел оқиғадан кейін қауіпсіздігіне алаңдап, үйден іс жүзінде шықпай жүргенін айтқан. Оның медициналық көмекке мұқтаж екеніне қарамастан, қорқыныш салдарынан сыртқа шығуға қиналғанын мәлімдеді. Айтуынша, пәтеріне жедел жәрдем бригадасы мен патрульдік көлік те барған.
Полиция әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Әйелдің арызына сәйкес, оқиға Қонаев қаласында болған. Бастапқы тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты айтылған барлық уәж бен мән-жай мұқият тексеріліп, тиісті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.
Қазір қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізуде.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайлары жарияланбайды.
Материал авторы