5 млн астам адам автокөлікті смартфон арқылы қайта тіркеген

22.05.2023, 14:50
600
5 млн астам адам автокөлікті смартфон арқылы қайта тіркеген smartnews.kz

5 миллионнан астам қазақстандық автомобильдерді онлайн қайта тіркеу қызметін пайдаланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ҚР ІІМ онлайн-қызметтері смартфонда іске қосылған сәттен бастап оларды 7 млн астам азамат, оның ішінде 5,3 млн автокөлік сатып алушылар мен сатушылар пайдаланған.

«Жыл сайын автокөлікті сатып алу-сатуды рәсімдеу және қайта тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына шамамен 6 млн адам келеді. Әрине ХҚКО-ға бару, кезек күту, көлік сатушысымен есеп айырысу үшін үлкен соманы алып жүру қолайсыздықтар туғызады. Осыған байланысты министрлік халыққа ыңғайлы болу үшін «Kaspi», «Halyk» және «Freedom» банктерінің мобильдік қосымшаларында автокөліктерді онлайн-қайта тіркеу бойынша сервисті іске қосты», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрліктің брифингінде.

Бұл сервис сатушы мен сатып алушыға автокөлікке салықтар мен айыппұлдарды тексеру мен төлеуден бастап, мемлекеттік нөмірді, оның ішінде «әдемі» нөмірді, ХҚКО-ны таңдауға дейінгі қызметтердің тұтас циклын ұсынады.

Қазіргі уақытта ІІМ осы қызметті «Centersredit», «Eurasian Bank», «Bereke Bank» және «ForteBank» мобильдік қосымшаларына шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар ведомство онлайн-сервистер арқылы автокөлікті бастапқы тіркеуді іске қосуды жоспарлап отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды