Бейжің метросында жолақыны алақанмен төлеу жобасы іске қосылды

22.05.2023, 15:11
814
Бейжің метросында жолақыны алақанмен төлеу жобасы іске қосылды Xinhua

Бейжің метросында жолаушыларға жол жүру картасын басудың немесе QR-кодты сканерлеудің қажеті жоқ. Енді олар төлемді алақанды сканерлеу арқылы жасай алады. Бұл туралы smartnews.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейжің Қалалық көлік басқармасынан мәлім еткендей, Дасин халықаралық әуежайына дейін баратын экспресс пойызда жаңа технологияны қолдану бойынша пилоттық бағдарлама іске қосылды.

Жолаушы вокзалдағы билет автоматы арқылы алақаны туралы биометриялық ақпаратты енгізгеннен кейін және танымал қытайлық WeChat мессенджерінде авторизациядан өткен соң жол аялдамаларында турникеттерден өту үшін алақанын көрсетсе жеткілікті. Шығу кезінде төлем автоматты түрде есептен шығарылады.

Турникет алақан мен тамыр суретін танып алады. Жаңа технология жолаушыларға қолма-қол ақшасы жоқ және смартфондарының қуаты таусылған кезде де метроны пайдалануға мүмкіндік береді.

Комитет қолданушы мәліметтерін қорғау үшін шифрлау технологиялары қолданылатынын айтты.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады