1987

Түркістан облысында нөсерден кейін сел жүрді: бірнеше ауылды су басты

Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына 200-ден астам адам мен 12 арнайы техника тартылды.

Түркістан облысында нөсерден кейін сел жүрді: бірнеше ауылды су басты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Қазығұрт ауданында нөсер жауыннан кейін сел жүріп, бірнеше елді мекеннің көшелері мен ауылдар арасындағы жолдарды су басты.

Оқиға 1 қазанда болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан нөсерден кейінгі су ағынының жолдар мен елді мекендердің көшелерін басып қалғанын көруге болады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, табиғи құбылыстан адам зардап шекпеген. Тұрғын үйлердің қирағаны туралы да ақпарат жоқ.

Қазір ауданда жауын-шашын салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар су басқан аумақтарды тазалап, жиналған лай мен шөгіндіні шығарып, елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Жұмысқа 200-ден астам адам мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Құтқару және қалпына келтіру жұмыстары барысында су басқан учаскелер ретке келтіріліп, тұрғындар үшін қауіпсіз жағдай жасауға басымдық беріліп отыр. 

Материал авторы