2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Астанаға жеткізілді
Шетелде бірнеше жыл бойы бой тасалаған азамат қазір тергеу изоляторына қамалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы шетелден Астанаға экстрадицияланды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті жазды.
ҰҚК мәліметінше, күдікті бірнеше жыл бойы елден тыс жерде жасырынып, сот төрелігінен бой тасалаған.
Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 2 қазанда халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ҰҚК-нің Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Қазақстандағы Ұлттық орталық бюросымен бірлескен жұмысы және Бас прокуратураның үйлестіруі нәтижесінде шетелден Астанаға жеткізілген.
Ер адамға аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Материал авторы