БҚО-да 84 ауылды мобильді интернетпен қамту жоспарланып отыр

22.05.2023, 17:44
590
БҚО-да 84 ауылды мобильді интернетпен қамту жоспарланып отыр smartnews.kz

Батыс Қазақстан облысында биыл 84 ауылды мобильді интернетпен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрланның мәлім еткеніндей, қазіргі таңда 35 елді мекеннің төртеуінде жаңа базалық станция орнатылып, 31-інде 4G стандартын қосу арқылы сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілді.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін тағы 49 ауылда мобильді байланыс сапасы жақсартылады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің өңіраралық байланыс инспекциясы 2023 жылы мамыр айындағы мәлімет бойынша нысандарға бару арқылы байланыс операторларына қатысты байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкестігіне орай 24 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Егер де былтыр салынған айыппұл көлемі 46 млн теңгені құраса, биыл 20 ауыл және Орал, Ақсай қалаларындағы тексеріс нәтижесінде 59,5 млн теңгеге айыппұл салынды (оның ішінде: Билайн – 12,9 млн, Теле2/Алтел – 36,2 млн, Кселл/Актив – 10,3 млн).

«Тұрғындарды стационарлық интернетпен қамту үшін басқарма өңірдегі ірі байланыс операторларымен («Қазақтелеком», «Транстелеком» және Jusan Mobile) бірге сымды және сымсыз технологияларды пайдаланып, Орал қаласында және аудандарда дилерлік желі арқылы жұмыстар жүргізуде. Мысалы, «Қазақтелеком» компаниясының «Ауылдағы цифрлық серіктес» және басқа да жобаларымен 18 елді мекен қамтылуда. Облыс орталығындағы жеке секторды (саяжай тұрғындарымен қоса) интернетпен қамту мақсатында Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясымен бірлесіп электр тіректерін қолдану арқылы операторлар жұмыс атқаруда», деді Н.Нұрлан.

Облыста барлығы 416 ауылдық елді мекен болса, соның 305-і интернетпен қамтылған. Қамтылмаған 78 елді мекенде 6,6 мың адам тұрады. Тұрғын саны 250-ден кем 36 ауыл интернетпен қамту жобасына енгізілді.

Басқарма тарапынан ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Орал қаласы және ауылдарда байланыс және интернет желісімен қамту туралы жол картасы әзірленіп, байланыс операторларымен келісілуде.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол