Қазақстан волейболшылары Азия ойындарындағы соңғы матчында жеңіске жетті
Қазақстан құрамасы Индонезияны 3:1 есебімен жеңіп, Жапониядағы Азия ойындарындағы соңғы кездесуін жеңіспен аяқтады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы соңғы кездесуінде Индонезияны жеңді.
Қазақстандық волейболшылар 9-12 орындар үшін өткен матчта Индонезия құрамасымен кездесті. Төрт партияға созылған тартысты ойын Қазақстанның 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Партиялардағы есеп — 23:25, 25:23, 25:18, 25:20.
Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды. Қазақстан құрамасы сапында ең көп ұпай жинаған ойыншы Владислав Мастихин болды.
Осылайша Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы волейбол турнирін 11-орынмен аяқтады. Индонезиямен болған кездесу ұлттық команда үшін Азиада-2026 аясындағы соңғы матч болды.
Материал авторы