883

«Неге көлігіне жазбайды?»: Ыбықты сайдағы вандализм жұрттың ашуын туғызды

Маңғыстаудағы Ыбықты сайда жартасты бүлдірген ер адамның видеосы тарады.

«Неге көлігіне жазбайды?»: Ыбықты сайдағы вандализм жұрттың ашуын туғызды
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ер адамның жартасты белгісіз затпен ойып, жазу жазған сәті видеоға түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желіде тарап, желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды.

Видеода ер адамның жартастың бетіне белгісіз затпен із қалдырып, жазу жазып жатқанын көруге болады.

Кадрлар жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға қатысты пікір білдіріп, табиғи нысанды бүлдірген адамның жеке басын анықтап, заң аясында жауапқа тартуды талап етті. Кейбірі мұндай әрекет үшін ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін екенін жазған.

Алайда материал жарияланған сәтте ер адамның кім екені және осы факті бойынша полиция тарапынан тексеру жүргізілгені туралы ресми ақпарат болмаған.

Ыбықты сайда вандализмнің тіркелуі бірінші рет емес. 2023 жылғы тамызда бір ер адам балға мен бұрауышқа ұқсас затты пайдаланып, жартастың бетін ойып, жазу қалдырған. Кейін табиғи нысанды бүлдірген адамның мәдениет саласының қызметкері екені анықталған.

Ал 2026 жылы Ыбықты сайдағы жартастарға жазу жазған тағы бір адам анықталып, бүлінген жерлердегі жазуларды өшіруге міндеттелген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы, яғни вандализм бойынша 25 тәулікке қамалған.

Материал авторы