Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтады
«Ерлігі үшін» медалін алған Бекет Мырзағалиев әскерден оралды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған атыраулық сарбаз Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтап, туған жеріне оралды.
Бекетті Атырау әуежайынан ата-анасы, туған-туыстары мен достары күтіп алды. Жақындары сарбазды сағынышпен қарсы алып, оның аман-есен оралғанына қуанды.
Бекет Ақтау қаласындағы №29011 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет атқарған. Қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери қызметшілер қатысқан қайғылы оқиға кезінде ол аман қалған үш сарбаздың бірі болды.
Сарбаздың анасының айтуынша, Бекет медициналық мекемеге жатқызылмаған және теңізден жағалауға өз күшімен жеткен.
Кейін ол әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт бұзылып, желдің күшеюінен 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.
Медициналық мекеме мәліметінше, оқиға болған күні Ақжол Темерхан ауруханаға жеткізілген. Ал Никита Удалов пен Бекет Қуандық 26 қыркүйекте медициналық мекемеге түскен.
Материал авторы