1004

Астанада алғашқы қар жауды

Синоптиктер бұған дейін Астанада жаңбыр мен қар жауып, желдің күшейетінін болжаған еді.

Астанада алғашқы қар жауды
Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 қазан таңертең Астанада биылғы күздің алғашқы қары жауды. Елорда тұрғындары жаңбыр аралас қар жауып тұрған сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісе бастады.

Қала тұрғындарының айтуынша, таңнан бері Астанада күн айтарлықтай суытып, салқын әрі екпінді жел соғып тұр.

Бұған дейін синоптиктер 5 қазанда елордада бұлтты ауа райы орнап, жаңбыр мен қар жауатынын болжаған болатын. Сондай-ақ желдің екпіні күшейіп, күндіз өте қатты жел соғуы мүмкін екені ескертілді.

Осылайша, қазан айының алғашқы күндерінде Астанаға күздің ызғары анық сезіліп, алғашқы қар да түсті. 

Материал авторы