Ірі көлемде пара алды деген айып: Қызылордада екі судья 9 жылға сотталды
Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертаев сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша кінәлі деп танылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьясы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына кінәлі деп танылып, әрқайсысы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жазды.
ҰҚК мәліметінше, сот төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертаевқа қатысты үкім биыл 18 қыркүйекте шығарылған.
Сот оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және осы баптың 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп таныған.
Ведомствоның хабарлауынша, екі судья да биыл қаңтарда ірі көлемде пара алды деген күдікпен ҰҚК қызметкерлері тарапынан ұсталған.
Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті судьяларды ұстау операциясының видеосын жариялады.
Осылайша, Қызылорда облысындағы сот жүйесінің екі өкіліне қатысты қылмыстық іс бойынша сот нүкте қойып, олардың әрқайсысына тоғыз жылдық жаза тағайындалды.
Материал авторы