791

Жылы аялдаманы талқандаған: Қарағанды облысында ер адам қамауға алынды

Қарқаралыда 31 жастағы тұрғын Жаңа Ақын көшесіндегі жылы аялдаманың әйнектерін сындырып, әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жылы аялдаманы талқандаған: Қарағанды облысында ер адам қамауға алынды
t.me/POLICE_of_KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 31 жастағы ер адам жылы аялдаманың әйнектерін қиратып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы жазды.

Оқиға Жаңа Ақын көшесінде болған. Қалалық әкімдіктен полицияға жылы аялдаманың бүлінгені туралы хабарлама түскен.

Құқық қорғаушылар Оперативтік басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, аялдаманы зақымдаған азаматтың кім екенін анықтаған. Кейін ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

«Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде құқық бұзушылыққа қатысы бар азамат анықталып, полицияға жеткізілді», – деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.

Сот қаулысымен Қарқаралы тұрғыны бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Материал авторы