841

Атырауда адамдары бар лифт құлап кетті: бірнеше адам зардап шекті

Алдын ала мәлімет бойынша, лифттің үшінші қабат деңгейінен құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Атырауда адамдары бар лифт құлап кетті: бірнеше адам зардап шекті
Ақ Жайық

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда көпқабатты үйдегі жолаушылар лифті ішінде төрт адам бар кезде құлап кеткен. Оқиға салдарынан бірнеше тұрғын зардап шегіп, олардың үшеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.

Оқиға 5 қазан күні таңертең Б. Құлманов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Тұрғындардың айтуынша, шамамен сағат 10:05-те ішінде төрт ересек адам болған лифт үшінші қабат деңгейінен төменге құлаған. Алдын ала болжам бойынша, бұған техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері зардап шеккендерді тексерген. Куәгерлердің алдын ала мәліметіне сәйкес, үш адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Ал тағы бір тұрғын ауруханаға жатудан және медициналық көмек алудан бас тартқан.

Қолда бар ақпарат бойынша, зардап шеккендердің ешқайсысы ауыр жарақат алмаған. Қазір лифттің не себепті құлағаны және оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Материал авторы