"Әйел үшін өте ауыр": Жазира Байырбекова отбасындағы сатқындық туралы айтты

22.05.2023, 20:22
5670
"Әйел үшін өте ауыр": Жазира Байырбекова отбасындағы сатқындық туралы айтты instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова отбасындағы ер адамның сатқындығы жайлы тақырыпты қозғап, бұл жағдайдың әйел қауымына қаншалықты ауыр әсер ететінін айтты, деп жазады smartnews.kz kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты.

"Күйеуінің үйге қонбағанын, көңілдесімен болғанын біліп қойғанын, әйелінен бірнәрсе жасырғанын әзілкештер қалжың ретінде көрсетіп, дастархан үстінде күліп әңгімелеп отырамыз.

Шындығында, бұл - әйел үшін өте ауыр. Жүректің түбінде қалып қоятын, ерлі-зайыптының арасын суытатын, махаббатты сөндіретін сатқындық қой. Ол комедия емес, трагедия. Алла алдында үлкен күнә.

Ұрпағымыздың отбасын ойыншыққа айналдырмай, салмақты қарауға тәрбиелеуіміз керек", - деді Жазира Байырбекова. Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасымен толықтай келісетінін айтып, пікір қалдырды.

"Дұрыс айтасыз", "Сізбен толықтай келісем", "Кейде шешім қабылдап, өз қадіріңді білген дұрыс", "Өте орынды", "Жүз пайыз келісемін", - деп жазды желідегілер.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды