«AMANAT медиа сыйлығы – 2023» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

23.05.2023, 09:20
726
«AMANAT медиа сыйлығы – 2023» байқауына өтінімдер қабылдау басталды smartnews.kz

«AMANAT медиа сыйлығы – 2023» журналистер арасындағы республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

2023 жылы 22 мамырда «AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, еңбек адамы, аймақтың өмірі мен тынысы, рухани және мәдени даму, жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы, азаматтық борыш секілді негізгі тақырыптар қамтылады.

Медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.

Сондай-ақ, «AMANAT медиа сыйлығы» байқауы аясында арнайы Мағжан Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» аталымдары бойынша арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Өтінімдер 22 мамырдан 19 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 26 маусым күні салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.

Тақырыбы бойынша:

1. «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;

2. «Еңбек адамы туралы үздік материал»;

3. «Аймақ туралы ең үздік материал»;

4. «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал»;

5. «Жастар туралы үздік материал»;

6. «Алаш қозғалысы туралы үздік материал»;

7. «Азаматтық борыш туралы үздік материал»;

Арнайы сыйлықтар:

1. Мағжан Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығы.

2. Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы.

3. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін.

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады. Байланыс үшін: 8-7172-916-005, 8-7172-916-029, 8778-097-55-22. Электрондық мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды