Талантты жастар беделді халықаралық фестивальдар мен конкурстарға жолдамамен жіберіледі

23.05.2023, 12:53
683
Талантты жастар беделді халықаралық фестивальдар мен конкурстарға жолдамамен жіберіледі liter.kz

Талантты жастар беделді халықаралық фестивальдар мен конкурстарға жолдамамен жіберіледі. Бұл жайында еліміздің Мәдени саясатының тұжырымдамасын таныстырған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінен талантты жастар беделді халықаралық фестивальдар мен конкурстарға жолдамамен жіберіледі. Үздік ұйымдарға, сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлеріне жыл сайын Umai ұлттық сыйлығы табысталады. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының жанынан республикалық деңгейде ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталған «Халық Қазына» ұлттық өнер орталығы құрылды», - деп жазады министр Telegram парақшасында.

Оның атап өтуінше, орталықтың негізгі қызметі: концерттік іс-шаралар өткізу, республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени жобаларды іске асыру (көркемсурет конкурстары, музыкалық-этнографиялық көрмелер және т. б.), ұлттық музыкалық аспаптар мен шеберлік сабақтары, семинарлар (онлайн және офлайн форматтарда) өткізу, аудио және бейнежазбалар жинақталған әндер мен күйлер жинағын шығару, еліміз бен шетелде гастрольдік сапарлар.

«Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біз мәдениетті халыққа қолжетімді етіп, әлемде өнеріміздің танымалдылығын арттыру, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және оны халықаралық деңгейде танымал ету сынды міндеттерді жүзеге асырғымыз келеді. Орындалмайтын мақсат жоқ, сондықтан да белгіленген бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейміз», - деді Асхат Оралов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды