Кинотуындылар мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесі құрылады

23.05.2023, 14:09
708
Кинотуындылар мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесі құрылады smartnews.kz

Кинотуындылар мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылады. Бұл жайында еліміздің Мәдени саясатының тұжырымдамасын таныстырған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Тағы бір өзекті мәселе – қазақстандық фильмдерді Netflix сияқты стримингілік платформалар мен онлайн-кинотеатрларда орналастыру. Фильм түсіру мен прокатты жүйелеу үшін елімізде кинотуындылар мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Ол нақты келушілер, кассалық түсім, статистикалық деректер және басқа да ақпаратты беретін болады», - деп жазды министр Telegram-парақшасында.

Сондай-ақ А.Оралов қолданыстағы «Кинематография туралы» Заңға түзетулер енгізу, оның ішінде мемлекеттік қаржылай қолдау алған фильмдерді ілгерілету және прокатқа шығару, Мәдениет және спорт министрлігінен фильм өндірушісіне айрықша құқықтарды беру мәселесі пысықталатынын айтады.

«Осы іс-шаралардың нәтижесінде 2030 жылға қарай жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін 35 пайызға, ал қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30 пайызға дейін арттырғымыз келеді», - деді Асхат Оралов.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады