«Silk Way» телеарнасы Әзербайжанда хабар таратады

23.05.2023, 15:20
830
«Silk Way» телеарнасы Әзербайжанда хабар таратады

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің «Silk Way» халықаралық телеарнасы Әзербайжан Республикасы кабельдік телевизиясының 14 операторының арналар пакетіне енді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Арна директоры Еркежан Күнтуғанның сөзінше, Әзербайжан Аудиовизуал кеңесінің қолдауымен 15 мамырдан бастап «Silk Way» телеарнасы «K@TV1», «BAKTELECOM», «AZTELEKOM», «BİRLİK», «AZOL TV», «AZEUROTEL», «AZERİ TV», «BOSS GROUP», «GSP», «EUROSEL», «RAHAT TELECOM», «BEEONLİNE», «MEGALINK TV», «ODTV» абоненттері үшін қолжетімді.

Бұған дейін телеарна сынақ режимінде хабар таратты, операторлар техникалық параметрлерін тексеріп, Silk Way-ді өз желілеріне қосуға дайындалды.

Басқа елдердегідей әзербайжандық телекөрермен көп арналы форматта ұсынылатын орыс, ағылшын, қазақ, қырғыз және өзбек тілдерінің бірін таңдай алады. «Silk Way» сигналы да Eutelsat Hot Bird 13 және Yamal 401 спутниктік платформаларынан жеке қабылдау үшін қолжетімді.

Екі ел медиасының белсенді ықпалдастығына биыл сәуірде Әзербайжан Президентінің Қазақстанға ресми сапары жаңа серпін берді. Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Алиев екі ел халқының байланысын нығайтудағы қазақстандық және әзербайжандық БАҚ-тың маңызын атап өтіп, ақпарат құралдары мен медиа-өндіріс саласындағы серіктестікті дамытуды тапсырды.

photo

Қазақстан мен Әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдарының тәжірибе, контент алмасу және оны бірігіп дайындау кезіндегі өзара ықпалдастығы екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.

«Silk Way» телеарнасы әзербайжандық көрерменге отандық авторлық бағдарламалар, деректі жобалар, сондай-ақ ең үздік көркем контентті ұсынады.

Silk Way телеарнасы – Қазақстан Республикасындағы жалғыз халықаралық телеарна. Ол әлемнің 118-ден астам елінде көп арналы режимде қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз және өзбек тілінде хабар таратады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады