Қостанайда әрекетке қабілетсіз әйелді заңсыз бас бостандығынан айырған шенеуніктер сотталды

23.05.2023, 16:37
492
Қостанайда әрекетке қабілетсіз әйелді заңсыз бас бостандығынан айырған шенеуніктер сотталды smartnews.kz

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, ауылдық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бірінің директоры, сондай-ақ жекеменшік интернат үйінің басшысы сот алдында жауап берді. Олардың барлығына әрекетке қабілетсіз әйелді заңсыз бас бостандығынан айырып, жұмыс істеуге пайдаланды деген айып тағылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.

Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Майдашаш Жұмағалиға, Пешковский арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Дамира Әбілдинова мен «Забота» жекеменшік интернат үйінің меңгерушісі Камила Бимендинаға қатысты қылмыстіқ іс қаралды.

Олардың үшеуі де ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жауапқа тартылған: 128-бап «Қызмет бабын пайдалана отырып, адамды жұмысқа тарту, тасымалдау, беру», 126-бап «Заңсыз бас бостандығынан айыру», 362-бап «Билік пен өкілеттікті асыра пайдалану».

«2021 жылдың 8 желтоқсаны мен 2022 жылдың 5 сәуірі аралығында Жұмағали, Әбілдинова, Бимендина психикасының бұзылуынан зардап шегетін жәбірленуші М.-ның материалдық және өзге де тәуелділігін пайдалана отырып, оны Қостанай облысы Федоров ауданының Пешковка ауылында орналасқан «Пешковский арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінен Астана қаласындағы «Забота» жекеменшік интернат үйіне заңсыз апарып, тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған», - деп хабарлады облыстық соттан.

Бұдан басқа, Жұмағали 2022 жылдың наурыз айында өзінің қызмет бабын пайдаланып және қызметтік өкілеттіктерін асыра отырып, «Лисаковский арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» директоры М.-нан ересектерге арналған 60 памперсті заңсыз беруін талап етіп және оларды алып, соңғысына жалпы сомасы 36 240 теңге зиян келтірген.

Прокурор бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстардың жиынтығы бойынша Жұмағалиға – 12 жыл мерзімге, Әбілдинова мен Бимендинаға – әрқайсысына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасаудағы кінәларын толық мойындаған жоқ.

«Сотталушылардың жеке басын, істің мән-жайын, жасалған қылмыстардың ауырлығын ескере отырып, сот Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, Жұмағалиды 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сотталушы Әбілдинова ҚК 55-бабының 2,6-бөлігін негізге ала отырып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және 6 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Бимендинаға ҚК 55-бабының 2,6-бөлігін қолданып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарылды», - делінген сот отырысында.

Сондай-ақ сот ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының лауазымды тұлғаларына шара қолдану туралы жеке ұйғарым шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды