Кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарды

23.05.2023, 18:26
441
Кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарды smartnews.kz

Кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарды. Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен бизнесті қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте айтылды, деп хабаралйды smartnews.kz сайты.

Аталған іс-шараға «Атамекен» Ұлттық палатасы президиумының төрағасы Р.А. Баталов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.М. Жүрсінов, Жоғарғы Соттың, орталық ведомстволар мен министрліктердің басшылары қатысты.

Кеңесті ашқан Берік Асылов,Президент тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау кәсіпкерлердің, сондай-ақ инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталғанын атап өтті.

Осындай шаралардың бірі – өткен жылғы қыркүйектегі Форумның нәтижесі бойынша қабылданған Бизнесті қорғау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары.

Оған бизнес қоғамдастығын мазалайтын ең өткір және өзекті мәселелер қосылған. Салықтық әкімшілендіру мәселелерінен бастап, олардың құқықтарына нұқсан келтіретін кез келген деңгейдегі актілердің күшін жоюға дейінгі барлығы 44 іс-шара жатады.

Нақты кейстер қамтылған осы іс-қимыл жоспарын іске асыруға 21 мемлекеттік орган жұмылдырылған.

Қол жеткізген нәтижелер мен проблемалар туралы Бас прокуратураның, Ұлттық экономика министрлігінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің басшылығы тыңдалды.

Бүгінге қабылданған шаралармен кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарды (Бас Прокурордың 02.09.2022 жылғы нұсқауына дейін ай сайын орташа есеппен 150 іс тіркелсе, ағымдағы жылы – 40).

Қылмыстық қудалау органдары кәсіпкерлердің банктік шоттарына салған тыйым салуды алып тастау мәселесі шешілді (егер сот санкциясы болмаса, оларды қазір банктер 10 тәулік өткеннен кейін алып тастайды).

Мүдделері қозғалған бизнес субъектілері аудит қорытындыларымен танысу және шағымдану құқығын беру мәселесі заңнамалық реттелді.

Кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың және фискалдық органның бақылау-кассалық машиналарды қолдану мәселелері бойынша тексерулер жүргізудің, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолданудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Қадағалау актілері бойынша 21 мыңнан астам салық бұйрықтарының және 13 мың атқарушылық өндірістің күші жойылды, 1260бизнес субъектісі әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

150 мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері мен сот орындаушылар, оның ішінде 24 басшы жазаланды.

Бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдар мен соттарға жүгіну үшін алғышарттарды жою бойынша жұмыс нәтижелері айтылды.

4,5 мыңнанастам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді.

Ағымдағы жылғы наурызда және сәуірде Бас прокуратураның наразылықтары бойынша 5 министрліктің (денсаулық сақтау, ауыл шаруышылығы, экология, қаржы, индустрия және инфрақұрылымды дамыту) 2 мың кәсіпкерге барумен профилактикалық бақылау жүргізу туралы 9 бұйрығының күші жойылды.

Сондай-ақ, цифрлық технологияларды енгізу талқыланды, оның ішінде жер учаскелерін ұсыну, кәсіпкерлік қызметке араласу туралы сигнал беру және тұтынушылар бизнес объектілерін бағалау үшін.

Өз кезегінде, Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновпрокуратура органдарымен ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті, кәсіпкерлердің проблемаларын айтып, оларға аумақтық прокурорларға қосылуды сұрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріндегі олқылықтар атап өтілді.

Нәтижесінде бизнес қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимылда уәкілетті органдарға әрі қарай жұмысы бойынша серпінберілді.

Сонымен бірге, прокурорлардың алдына нақты міндеттерқойылды.

Атап айтқанда, «Атамекен» палатасымен тиімді өзара іс-қимылды және бизнес субъектілеріне құқықтық кеңесті қамтамасыз ету.

Сондай-ақ өңірлердің прокурорларына әрбір маңызды инвестициялық жобағажеке қызметкерлерді бекіту тапсырылды.

Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады