Сингапур президенті Күнсұлу Закарияны табысты әйелдің үлгісі деп атады

23.05.2023, 19:46
655
Сингапур президенті Күнсұлу Закарияны табысты әйелдің үлгісі деп атады inform.kz

Сингапур президенті Халима Якоб Қазақстанды әйелдерге тең мүмкіндіктер беру бойынша тәжірибе алмасуға шақырды. Ол Күнсұлу Закарияны табысты әйел ретінде мысалға келтірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Екінші тақырып – әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту. Сингапурда бұл мәселемен өте белсенді айналысамыз. БҰҰ есебіне сәйкес, Сингапур әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту саласында 7-ші орында тұр. Сингапур Парламентінде әйелдердің үлесі 30%-ға жетеді және мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біз әйелдердің мемлекеттік құрылым жүйесінде қандай рөл атқаратыны туралы есеп жарияладық және әрқашан инклюзивті қоғамға ұмтыламыз. Ерлер де, әйелдер де – қоғамдастықтың тең мүшелері. Біз серіктестік қатынастарға негізделген осы тәсілді ұстанамыз», - деді Сингапур президенті Назарбаев университетінде өткен дәрісте.

Сингапур президенті Қазақстанның теңдік идеясын ілгерілету үшін Орталық Азияда алғаш рет әйелдер мәселелері жөніндегі арнайы орган құрғанын атап өтті.

«Сонымен бірге, Қазақстанда шешім қабылдау процестеріне қатысатын әйелдер саны да артып келеді. Бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай арта түседі. Қазақстан әйелдерінің жоғары білімді, жақсы мансап құруға ұмтылатынын білемін. Мысал ретінде Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарияны айтқым келеді. Қазақстанды әйелдерге осындай мүмкіндік беру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуге шақырамын», - деді Халима Якоб.

Оның айтуынша, тағы бір негізгі бағыт – еңбек нарығындағы тең мүмкіндіктер. Сингапур үкіметі осы тең тәсілге қол жеткізу үшін жұмыс берушілермен, кәсіподақтармен жұмыс істеп жатыр.

«Бұл еңбек нарығы үшін қалыпты нәрсе болуы керек. Ерлер мен әйелдер отбасында жауапкершілікті тең бөліп, еңбек нарығына бірдей қол жеткізуі керек», - деді Сингапур президенті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды