Бүгін Димаштың туған күні: Нью-Йоркте әншінің фотолары алып экраннан көрсетілуде
Бүгін әлемге белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы таймс-сквер алаңында үлкен экраннан Д.Құдайбергеннің фотолары көрсетілді.
«Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем,әлем! Сәлем, 29 жас! Барлықтарыңызға осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рахмет», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Таймс-скверде түсірілген видеодан Димаштың есімін атап айғайлаған жанкүйерлердің дауысын естуге болады.