Мәжіліс депутаты: Бізге әлеуметтік тұрғын үйді көбірек салу керек

24.05.2023, 12:48
737
Мәжіліс депутаты: Бізге әлеуметтік тұрғын үйді көбірек салу керек smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Jibek Joly арнасының Мәжіліс ғимаратынан жүргізген тікелей эфирі кезінде әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салу керек деген пайым айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бізге көбінесе әлеуметтік тұрғын үй салу керек. Қазір ол аз. Бұл мәселені бөлек қарастыру қажет. Себебі беріліп жатқан шаршы метрлер (баспана – ред.) аз. Мысалы, 9 адам тұратын отбасылар бар. Ипотека алдық деп қуанады. Ал оларға тиетіні 30-40 шаршы метр үй. Бұл мұндай үлкен отбасына өте аз деп есептеймін. Бұл жағын да қарастыру керек», - деді ол.

Депутат мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға беріліп жатқан әлеуметтік көмектің мөлшері де жеткіліксіз деп есептейді.

«Мысалы мен де көпбалалы анамын. 2021 жылы жолдасым қайтыс болған. Мүгедектігі бар баламды қазір жалғыз өзім тәрбиелеп отырмын. Сондықтан баспана мәселесі бар отбасылардың проблемасын түгел өз басымнан өткіздім. Мәселелердің бәрін білемін.

Біз алғаш үй алғанда қазіргідей көпбалалы аналарға жеңілдік болған жоқ. Сондықтан шағын баспанамен шектелуге мәжбүр болған едік. 2019 жылға дейін бүкіл балаға алатын әлеуметтік көмек 10 мың теңгедей болатын. Қазір біраз жақсарды, бірақ ол да жеткілікті емес», - деді Гаухар Танашева.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды