Биыл елімізде сапасыз интернетке қатысты 5 мыңнан астам шағым түскен

24.05.2023, 16:57
518
Биыл елімізде сапасыз интернетке қатысты 5 мыңнан астам шағым түскен smartnews.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев сапасыз интернет пен ұялы байланыссыз отырған ауылдардағы проблемасын шешу үшін Үкіметте арнайы комиссия құруды ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биылғы 1 сәуірдегі мәліметке сүйенсек, Қазақстандағы халық саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетке қосылмаған. Бұл ресми дерек. Шынайы жағдайға тоқталсақ, ғаламторды атымен көрмеген елді мекендер саны бұдан әлденеше есе көп болуы мүмкін. 2020 жылы мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7%-ын интернет желісіне кеңжолақты жүйемен қамтамассыз етті дегенді де ел естіді. Басқасын былай қойғанда, бас қаланың біраз жерінде интернет әупірімдеп әрең істейді», - деді Н. Сәрсенғалиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, интернетсіз елді мекендерде қиындықты ұстаздар мен оқушылар сезініп отыр.

«2023 жылдың 4 айының өзінде қазақстандықтар сапасыз интернетке қатысты 5 мыңнан астам арыз-шағым түсірген. Осы жерде заңды сауал туады, сапасыз интернетті ұсынған операторларға қанша айппұл салынды? Тиісті межеге жету үшін жауапты министрлік қандай қарекет қылып жатыр? Атқарылған жұмысты түгел жоққа шығарудан аулақпыз, бүгінгі күнге дейін 6290 ауылдың 4974-іне кең жолақты мобильді интернет тартылған. Ал қалған мыңнан астам елді мекендегі халықтың құқығы шектеліп қалған жоқ па?», - деді депутат.

Осы ретте ол тиісті ұсыныстарды жариялады. Біріншіден, сапасыз интернет пен ұялы байланыссыз отырған ауылдардағы проблеманы шешу үшін Үкіметте арнайы комиссия құруды, оның құрамына қоғам белсенділерін, сала мамандарын және депутаттарды қосуды сұрады.

«Министрліктің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұялы байланыс пен интернеті жоқ ауыл-аймақтардың тізімін атын атап тұрып ашық жариялау қажет. Интернетсіз отырған ауыл-аймақтардың тұрғындары өзі тұрып жатқан елді мекенге қашан, қай кезде ғаламтордың қосылатынын нақты білуі керек. Сондықтан, министрлік қоғам алдында жауапкершілік алып, қай жерге, қашан сапалы интернеттің жететінін ашық жариялауы қажет», - деді депутат.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды