Қазақстанның бірнеше қаласында қарлы боран мен көктайғақ күтіледі
Еліміздің көптеген қаласында жауын-шашын болмайды, алайда кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 қазанда Қазақстан қалаларында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Елді мекендердің басым бөлігінде жауын-шашын болжанбайды. Дегенмен, кей қалаларда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен боран болуы мүмкін. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді. Күндіз ауа температурасы +2…+24 градус аралығында болса, түнде −3 градусқа дейін төмендейді.
Астана — құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Жел екпінді болады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +4…+6 градус.
Алматы — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +4…+6 градус, күндіз +14…+16 градус.
Шымкент — құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+7 градус, күндіз +18…+20 градус.
Ақтөбе — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3 градус, күндіз +14…+16 градус.
Ақтау — аз бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +9…+11 градус, күндіз +22…+24 градус.
Атырау — ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5 градус, күндіз +18…+20 градус.
Жезқазған — құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде 0…+2 градус, күндіз +9…+11 градус.
Қарағанды — құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +2…+4 градус.
Көкшетау — құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Таңертең және күндіз жел екпінді болады. Түнде +1…+3 градус, күндіз +4…+6 градус.
Қонаев — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді болады. Түнде +3…+5 градус, күндіз +13…+15 градус.
Қостанай — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −1…−3 градус, күндіз +8…+10 градус.
Қызылорда — құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5 градус, күндіз +17…+19 градус.
Павлодар — бұлтты, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел екпінді болады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +4…+6 градус.
Петропавл — бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болып, жел екпіндейді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +4…+6 градус.
Семей — бұлтты, негізінен қар жауады. Боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Жел екпінді болады. Түнде +1…+3 градус, күндіз +3…+5 градус.
Талдықорған — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2 градус, күндіз +10…+12 градус.
Тараз — құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3 градус, күндіз +15…+17 градус.
Түркістан — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5 градус, күндіз +17…+19 градус.
Орал — құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде −1…−3 градус, күндіз +14…+16 градус.
Өскемен — бұлтты, негізінен қар жауады. Боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде жел екпінді болады. Түнгі температура 0…+2 градус, күндіз +2…+4 градус.
Материал авторы