Ресейдегі соғыс аймағында болған қазақ жігіттері елге оралды
Заңгер Мейірман Шекеев елге оралған азаматтар мен олардың отбасылары түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей аумағында болып, соғыс қимылдары жүріп жатқан аймаққа тап болған бірнеше Қазақстан азаматы елге оралды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Ол Instagram парақшасында отанына оралған азаматтар мен олардың отбасылары түсірілген видеоны жариялады.
«Бұл жай ғана оралу емес. Бұл — ата-ананың көз жасы, отбасының үміті және Қазақстан азаматтарының туған жеріне оралуы», — деп жазды Мейірман Шекеев видеоға түсініктеме беріп.
Жарияланым шыққан сәтте бұл оқиғаға қатысты мемлекеттік органдар мен дипломатиялық мекемелерден ресми түсініктеме түспеген. Азаматтардың Ресей аумағында қандай жағдайда болғаны және олардың елден тыс жерде жүрген кезеңіне қатысты толық мәлімет әзірге нақтыланып жатыр.
Материал авторы