1159

Дариға Бадықова бал айындағы романтикалық сәттерін көрсетті

Актриса мен продюсер Олжас Абаймен бірге үйлену тойынан кейін Катарға барып, романтикалық сапарынан суреттерін әлеуметтік желіде бөлісті.

Дариға Бадықова бал айындағы романтикалық сәттерін көрсетті
threads.com/@dariga_badykova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен бірге бал айына барған сапарынан романтикалық кадрлар жариялады. Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін Катарға аттанған.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында саяхат кезіндегі суреттерімен бөлісті. Жарияланымдарда ерлі-зайыптылардың Катардағы демалысы көрініс тапқан.

Еске салайық, Дариға Бадықова мен Олжас Абай жақында дүркіретіп үйлену тойын өткізді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде олардың сырға салу және құдалық рәсімдерінен түсірілген кадрлар жарияланған еді. Сондай-ақ актрисаның қалыңмалының мөлшері де желіде қызу талқыланған.

Бұған дейін Дариға Бадықова қайта тұрмысқа шығу туралы шешімінің себебін түсіндірген болатын. Ал актрисаның бұрынғы күйеуі мұңды терме орындап, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор