Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 стартап Кремний алқабында Hero Training бағдарламасы бойынша оқуды бастады

24.05.2023, 18:02
458
Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 стартап Кремний алқабында Hero Training бағдарламасы бойынша оқуды бастады astanahub.com

Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 IT-стартаптың фаундерлері Кремний алқабында бес апталық акселерацияға кірісті. Олар Astana Hub және Draper University халықаралық технопаркінің My Ventures-пен серіктестікте бірлескен преакселерациялық бағдарламасының нәтижелері бойынша іріктелді.

Жас IT-компаниялар Hero Training бағдарламасының екінші кезеңіне сәтті өтті. Бағдарламаны Draper University негізін қалаушы және Draper Fisher Jurvetson венчурлық компаниясының негізін қалаушы Тим Дрейпер ашты.

Бастапқыда бағдарламаға 199 стартаптан өтінім түсті. Соның 80-і преакселерациядан өтіп, нәтижесінде 15 үздік жоба  таңдалды.

Олар: Flowsell.me (Қазақстан), ozen (Қазақстан), CITIX (Қазақстан), SpaceLab (Қазақстан), Smartestprep (Қазақстан), Smart Technologies (Қырғызстан), BEEP (Қазақстан), beyne.ai (Қазақстан), FIBO CLOUD (Моңғолия), Sqm-invest (Қазақстан), Connected Home Ltd. (Қазақстан), Medixbot (Түркия), Med365 (Қазақстан), Big Dream Lab (Қазақстан), Alaqan Technologies (Қазақстан).

Сондай-ақ төрт стартап: Beyne.ai, GoDays, Beep және Smartestprep әрқайсысы $30.000 тұратын my ventures бағдарламасының серіктесінен инвестиция алды.

"Бұл біздің стартаптарымызға алғаш рет ұсынылып жатқан бірегей мүмкіндік. Қатысушылардың құрамы интернационалды болғанына қуаныштымыз. Қазақстандық стартаптармен қатар біз Қырғызстан мен Моңғолиядан келген стартаптарға Кремний алқабында оқуға мүмкіндік бердік және біздің бағдарламаға алғаш рет Түркиядан стартап қатысуда. Сонымен қатар екі апталық преакселер нәтижелері бойынша Draper University Ventures командасы 15 финалистен басқа follow-up meeting-ке тағы да бірқатар жобаларды шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл қатысушыларға Draper University's dedicated alumni fund атынан $100.000-ға дейін егістік қаржыландыруды тартуға қосымша мүмкіндік беріледі", - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Astana Hub және Draper University серіктестігі аясында Кремний алқабында стартаптар қарқынды акселерация бағдарламасынан өтеді және өз жобаларын әлемдік нарыққа, оның ішінде АҚШ нарығына масштабтауға мүмкіндік алады.

Қарқынды акселерациялық бағдарлама Draper University-дегі кампус базасында өтеді және 6 ай бойы барлық стартаптарға баспана және жұмыс кеңістігі ұсынылады. Осы кезеңде қатысушылардың тәжірибелі технологиялық кәсіпкерлер мен Draper экожүйесінің сарапшыларының жетекшілігімен инвестиция тартуға және АҚШ нарығына шығуға бірегей мүмкіндігі болады.

Кремний алқабындағы оқу кезінде стартаптар үшін Demo Day-ге қатысу (офлайн), нетворкинг, Кремний алқабы сарапшыларының сараптамасы мен тәлімгерлігі қолжетімді болады және оларға АҚШ-тағы Astana Hub халықаралық агенті қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, 2023 жылғы 10 наурызда Сан-Матеода (Калифорния штаты) ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары кезінде Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен Draper University президенті Asra Nadeem ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған болатын.

Draper Ecosystem - бұл инновациялық экожүйені қолдау үшін озық фасилитаторлар мен тәлімгерлердің, салалық сарапшылардың, корпоративтік серіктестердің және инвесторлардың теңдесі жоқ желісін ұсыну арқылы таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктірудің бірегей тәсілі. Draper University негізін венчурлық капитал бизнесінде 38 жылдық тәжірибесі бар Тим Дрейпер қалады, оның басқаруында 11 қор бар, $7,7 млрд инвестиция салған, оның есебінде 34 unicorn компания бар.

Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды