Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру жөніндегі қызметі elicense.kz порталында қолжетімді

24.05.2023, 18:21
640
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру жөніндегі қызметі elicense.kz порталында қолжетімді smartnews.kz

Elicense.kz порталында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды. Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚР Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі парақшасына сілтеме жасап.

Енді ҚР ДСМ 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық халық саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудан, білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен медицина қызметкерлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.

Сертификат алуға өтініш беру үшін не қажет:

Сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);

Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны);

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);

Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта).

Маман сертификатын алу үшін пайдаланушы elicense.kz порталында электрондық өтінішті толтырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсету нәтижесі маман сертификаты түріндегі рұқсат құжаты және пайдаланушының «Қызметтер алу тарихы» модуліндегі «Жеке кабинетіне» жіберіледі. Өтініш бойынша бас тарту болған  жағдайда дәлелді бас тартудың нәтижесі сақталады.

Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады