Лондонда алматылық суретшінің көрмесі өтті

24.05.2023, 19:37
712
Лондонда алматылық суретшінің көрмесі өтті inform.kz

Лондонда алматылық суретші Айғана Ғалидың көрмесі ұйымдастырылды.

Автор абстракция стилінде салынған суреттерінің жаңа топтамасын жарық тақырыбымен байланыстырған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жарқыраған шарлар, импульстік электр ағындары, сары сәулелер – мұның бәрі Айғана Ғалидің суреттерінде көрініс тапқан. Автор өз еңбектерінде жарықпен шағылысып, әртүрлі кейіпке енген заттарды бейнелеуге тырысқан. «Картиналар мүлдем басқа тілде сөйлейді. Кванттық физика немесе космология тілі ме дерсің», - дейді сарапшылар.

Айғана суреттеріне ұлттық рең беріп, картиналарын «Шаңқобыз», «Киіз үй», «Қосын» және «Өрнек» деп атаған.

«Автордың төл мәдениетіне өте жақын екендігін және оны жоғары бағалайтынын анық аңғаруға болады. Ол көптеген жұмыстары арқылы Ұлы даладан бастау алатын Тәңіршілдік идеясын жеткізуге тырысқан. Бірақ оның шығармашылығының дінге еш қатысы жоқ, абстрактылық өнер деп бағалар едім», дейді көрме кураторы, сарапшы Нико Кос Ерл.

Айғана Ғали өз шығармашылығында кенеп пен қағаздан бастап, тоқыма мен қолаға дейін пайдаланады. Көп салалы суретші - Алматы қаласының тумасы, әкесі қазақ, шешесі грузин ұлтынан. Айғана әлемнің түкпір-түкпірінде көрмелер өткізіп, туындылары арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттаумен келеді. Өкінішке қарай, көрменің ашылуына Айғана, келе алмады.

photo

«Меніңше, кез-келген қазақстандық суретші үшін шетелдерде көрмелерге қатысып, әлемдік мәдениетпен біте қайнасу өте маңызды. Бірақ солай бола тұра автор өз үнін сақтай білу керек. Менің бақытыма орай, жұмыстарым зор сұранысқа ие және дүниежүзі бойынша жеке адамдардың үйлеріне немесе мұражайларға қойылған», дейді Айғана Ғали.

«Айғана Ұлы далада туып-өсті. Мен әлемнің ол бөлігін ешқашан көрген емеспін. Меніңше, Айғана, саналы түрде, бәлкім бейсаналы түрде туған жерінің мықтылығын паш етіп жатыр. Мен Қазақстанға барып, саяхаттағым келеді», дейді көрермендердің бірі Кейт Брейн.

photo

Бір айға созылған көрменің кейбір картиналары өнер жәрмеңкелеріне қойылып, саудаға шығарылады. Алдағы уақытта Айғана Ғали Америкада жеке көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек суреттері кітап болып басылып, оқырман назарына ұсынылмақ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады