1714

Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш әйелді қағып кетті

Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің жолдан шығып, тротуарда тұрған үш әйелді қағып кеткені көрінеді.

Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш әйелді қағып кетті
t.me/kozachkow

Жамбыл облысының Қордай ауылында BMW көлігі жолдан шығып кетіп, тротуарда тұрған үш әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Оқиғаның видеосы Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды. Кадрлардан көліктің жолдан шығып кетіп, тротуарда тұрған әйелдерді қағып кеткенін көруге болады.

Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, BMW жүргізушісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау және одан әрі процестік шешім қабылдау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Материал авторы