Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты
Полицияның алдын ала мәліметінше, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржолдан өту қауіпсіздігіне көз жеткізбей, пойызбен соқтығысқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысының Шет ауданында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, 53 жастағы жүргізуші реттелмейтін теміржол өткелінен өтер кезде қауіпсіздікке көз жеткізбеген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаменті жазды.
Оқиғаның салдары түсірілген видеоны Telegram желісіндегі Halyqstan арнасы жариялады.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің берген мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 24 қазанда Шет ауданындағы реттелмейтін теміржол өткелінде болған. Онда Shacman маркалы жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысқан.
«Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігін басқарған 53 жастағы жүргізуші теміржолдан өту қауіпсіздігіне көз жеткізбей, пойызбен соқтығысқан», — деп хабарлады полиция.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазір құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Материал авторы