860

Астанадағы полиция рейдтерінен кейін 27 шетелдік елден шығарылды

Елорда полициясы 2 300-ден астам құқықбұзушылықты анықтаған.

Астанадағы полиция рейдтерінен кейін 27 шетелдік елден шығарылды
instagram.com/police__astana

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық операциясы кезінде 2 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Іс-шара қорытындысы бойынша 27 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті жазды.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, операция барысында полицейлер көшелер мен қоғамдық орындардағы патрульдеуді күшейткен. Негізгі назар құқықбұзушылықтардың алдын алуға, олардың жолын кесуге және қылмыстарға жол бермеуге аударылған.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының нәтижесінде 2 300-ден астам құқықбұзушылық тіркеліп, 27 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылған.

Полиция өкілдері елорда тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстан заңнамасын сақтауға шақырды. 

Материал авторы