787

Қостанайда жеңіл көлік жолаушылары бар автобуспен соқтығысып, жүргізушісі қаза тапты

Соқтығыс кезінде автобуста 55 адам болған, олардың екеуіне көмек көрсетілген.

Қостанайда жеңіл көлік жолаушылары бар автобуспен соқтығысып, жүргізушісі қаза тапты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда Volkswagen Passat жеңіл көлігі жолаушылар отырған маршруттық автобуспен соқтығысып, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты. Оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Автобуста 55 адам болған. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.

Жол апаты 25 қазан күні кешкі сағат 21:10 шамасында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, Volkswagen Passat жүргізушісі тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабын орындамай, қозғалысын жалғастырған. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзып, қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, маршруттық автобуспен соқтығысқан.

«Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, ал оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Автобуста 55 адам болған, олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді», — деп хабарлады полиция.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

Материал авторы