TikTok эфирінде балағат сөз айтқан ақтөбелік қамауға алынды
42 жастағы ер адам тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен 42 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тиісті шешімді сот шығарған.
Ақтөбе облыстық полициясының мәліметінше, ер адам онлайн-трансляция барысында бейәдеп сөздер айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен. Полицейлер оның жеке басын анықтап, материалдарды сотқа жолдаған. Істі қараған сот ер адамды бес тәулікке қамау туралы шешім қабылдады.
Құқық қорғау органдары интернеттегі әрекеттер де заң талаптарына бағынатынын ескертті. Әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер қоғамдық кеңістік саналатындықтан, ондағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін де жауапкершілік қарастырылған.
Полиция өкілдері желіде балағат сөз айту, өзгелерді қорлайтын әрекеттер жасау және басқа да заң бұзушылықтар қоғамдық орындардағы осындай әрекеттермен бірдей жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Материал авторы